RU  KZ

 

Вход / Регистрация

В корзине 0 шт.

СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Бет 1   1


Неге міндетті түрде қан емес, сілекей? | Қосылды: 21 мамыр 2013

Сұрақ:
Неге міндетті түрде қан емес, сілекей?

Жауап:
Ағзадағы барлық жасушалардың ДНҚ молекулалары бірдей, сондықтан анализ жүргізу үшін қан тапсырудың қажеті шамалы. Аздаған сілекей болса болғаны.
Illumina (АҚШ) компаниясында жасалып, бүкіл әлемде табысты қолданылатын нанобиотехнологиялардың көмегімен, Сіздің сілекейіңізден ДНҚ бөліп алып, оның генетикалық анализін жасаймыз. Жалпы алғанда Сіздің бес мыңға жуық жеке SNP анықтаймыз. Біз тізімімізге түрлі аурулар қауіпінің дамуы жөнінен маңызды әрі нақты мәліметтер беретін полиморфизмдердің айтарлықтай мүмкін боларлық санын қостық.

Сілекейді жинауға қалай дайындалуым керек? | Қосылды: 21 мамыр 2013

Сұрақ:
Сілекейді жинауға қалай дайындалуым керек?

Жауап:
Нәтиже нақты болуы үшін анализ тапсырардың алдында мынадай бірнеше шарттарды сақтау керек:
- анализ тапсыруға дейін 30 минут қалғанда ештеңе жемей, шай немесе кофе ішпеу керек;
- анализ тапсыруға дейін 30 минут қалғанда темекі тартпай әрі алкоголь қабылдамау керек.
Тағам мен сусындардың құрамындағы түрлі заттар ауыз ұртында біршама уақыттарға дейін қалып, ол сынаққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да шылым шекпей, ештеңе ішпей келуге тырысыңыз.

Мен Қазақстанда емеспін, зерттеуден қалай өтсем болады? | Қосылды: 21 мамыр 2013

Сұрақ:
Мен Қазақстанда емеспін, зерттеуден қалай өтсем болады?

Жауап:
Өкінішке орай әзірге бұл қызмет тек Қазақстан аумағында ғана ұсынылады. Бірақ клиенттеріміздің қатарынан Сізді Қазақстанға келгенде көрсек, қуанышты боламыз. Біз қазір Shejire DNA қызметін ТМД елдеріне ұсыну үшін жұмыс атқарып жатырмыз.

Мен өз балам үшін зерттеуге тапсырыс бере аламын ба? | Қосылды: 21 мамыр 2013

Сұрақ:
Мен өз балам үшін зерттеуге тапсырыс бере аламын ба?

Жауап:
Иә, зерттеу жүргізу үшін жас шектеулері қойылмайды. Керсінше адамдар өз тұқымында ауру белгілерін неғұрлым ертерек байқаса, оны және өзге де болуы мүмкін ауруларды болдырмау мүмкіндігі көбірек болады. Жалғыз ғана қиыншылық – егер сәби тым кішкентай болса, оның ұртындағы анализға қажетті төменгі көлем - 5 миллилитр сілекейді жинау болуы мүмкін.

Задать вопрос

перейти
Имя *
E-mail
Сұрақ *