Shejire DNA Сіздің шежіреңіз жайлы және арғы ата-бабаларыңыздың
тарихы мен оның тарихи маңыздылығы жөніндегі ғажайып әлемді ашады.
Мұрағаттар үнсіз қалғанда – ДНҚ сөйлейді!
Біз ұсынатын генетикалық тесттер, ата-тегіңізді анықтауда 99.9% нақты дәлдікті көрсетіп, Сіздің шығу тегіңіздің толық бейнесін көз алдыңызға әкеледі. Shejire DNA ашылған сәттен бері көптеген адамдарды тестілей отырып, қазіргі уақытта бай мәліметтер базасына ие болды, ол өз кезегінде қатысушының генетикалық туыстарын табуға мүмкіндік туғызады. Кезінде өз шежіреңді түзуге тек қана ауызша және мұрағаттардағы мәліметтер арқылы ғана мүмкін болса, енді туыстық қатынастарды тексерудің заманауи тәсілі - тек ДНҚ тестінің көмегімен ғана орындауға болады. Сіз үшін адамзат дарағының сакральды әлемі – Шежіре! Өткеннің қайнарынан - кемел келешекке жол ашыңыз!
Көптеген ғасырлар мен мыңжылдықтардан бері, ортақ тегі бір болған адамдардың туыстық топтары, бөлініп, жаңа рулар мен жаңа этностар құрап, өздерінің мәдениеті мен тұрмысын өзгертті. Талай дәуірлер өткен соң, туыстық туралы естеліктер уақыт өте келе ұмытылды. Shejire DNA Сізге генетикалық маркер арқылы тарихтың барлық сырын ашуға, туысқан тайпаңыз бен руыңызды тауып, сонау Африкадан шыққан есті адамнан бастап бұрынғы туыстарыңызды анықтауға көмектеседі.