Әулеттік мөрлер
Бағасы: тг.
Ежелден әрбір отбасының немесе әулеттің ортасында жеке белгілер мен мөрлер болған, хат жазысып, қол қойысып, келісім-шарттарды бекіткенде осы мөрлермен куәландырып қағазға, тіпті киімге де басқан. Бүгінде бұл үрдіс қайтадан жаңғыртылып, өзектілігі арта түсуде. Сондықтан өз әулеттеріңіздің жеке мөрлерін жасатуға тапсырыс бере аласыздар. Оны отбасының жеке таңбасы, қол үлгісі (саусақ белгісі) немесе ерекшелік белгісінен алып жасауға болады.
Әулеттік мөрлер
Әулеттік мөр сан ғасырлардан бойы текті ақсүйек отбасылардың ажырамас бөлігі болды. Бір жағынан бұл, құнды қағаздардың, жеке құжаттардың даралығын, өкілеттілігін білдіру үшін, яғни, қазіргі заманауи заңды мекемелердегі мөрлердің қызметін атқарды. Екінші жағынан – оны үндеулер мен шақыруларға қолданды, яғни, олар өкілдік құзіреттерді де атқарды. Ал бүгінде әулеттік мөрлерге қаншалықты қажеттілік бар? Олардың қазіргі атқаратын қызметі мен ерекшелігі қандай және отбасы мүшелері қолдануы үшін оның жасалуы қалай жүзеге асады?
Отбасылық таңбасы бар мөр жасату – бұл сіздің достарыңыз бен туысқандарыңыздың тойына, жұбайлық өмірді бірге өткізген мерейтой иелері мен өзге де қуаныштарға таптырмас сыйлық. Әулеттік мөр – бұл тек бірегей сый ғана емес, сонымен қатар, оның отбасы бірлігі мен әулеттің ортақ құндылықтарын қалыптастыратын пайдасы да зор.
Мөрдің ерекшелігі мен клиенттің қалауына орай, әулеттік мөрді жасауда лазерлік бедерлеу, флеш, фотополимерлік немесе бояутолтырғыш технологияларды қолданған жөн.